3118

Елордада жосықсыз құрылыс салушылар лицензиясынан айырылады

Елорда әкімдігінде құрылыс компанияларының өкілдерімен нысандарды аяқтау мәселелері бойынша кеңес өтті. Кездесуге мынадай тәуекелдері бар құрылыс салушылар қатысты: құрылыс-монтаждау жұмыстары баяу жүргізілуде, құрылысты аяқтау жұмысы кестесінен қалып отыр, тапсырыс беруші мен мердігер арасында сот талқылаулары жүргізілуде, тиісті қаржыландырудың жоқтығы және т.б.

Мысалы, бұл «ЭРА» ЖШС, «Роз Тал» ЖШС жеке нысандары және т.б. «Лея» ТК құрылысы 2016 жылы басталған. Ал «За рекой» ТҚК ұйымына жұмысын жандандырып, нысанды биыл аяқтау тапсырылды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жосықсыз құрылыс салушыларға әкімдіктің тиісті рұқсатын алғанға дейін немесе «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігін алғанға дейін үлескерлердің ақшасын қабылдайтын болса «қара тізімге» енгізілетінін, ал материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылатынын ескертті.

Сол сияқты құрылыс компаниялары рұқсат құжаттарын алғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріссе, лицензиясынан айырылуы мүмкін. Жосықсыз құрылыс салушылардың тізімі әкімдіктің ресми сайтында және БАҚ беттерінде тұрақты жарияланады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109