1680

Елорданың санитарлық дәрігері шұғыл түрде вакцинациядан және ревакцинациядан өтуге шақырды

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қала тұрғындарына үндеу жолдады.

Бүгін елорда әкімі А.Көлгінов, Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният, Денсаулық сақтау басқармасы, емханалар мен инфекциялық стационарлар басшыларының қатысуымен эпидемиологиялық ахуал мәселелері бойынша қалалық штаб отырысы өтті. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша негізгі мәселелер қозғалды.

Сархат Бейсенова елордада контагиозды "Омикрон" штамы анықталғанын еске салды.

«Қаланың бір тұрғынынан "Омикрон" штамы анықталды, бұл инфекцияның қаупін көрсетеді. Инфекция өте қауіпті, тәулігіне 5,5 мыңнан астам жағдай тіркелді! Өсім шамамен 7 есе! Инфекциялық төсектердің толуы 70%-ға жетті. Мұның бәрі кейбір тұрғындардың маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамауы, вакцинацияны/ревакцинацияны ескермеуі себепті, бұл қала аумағында "Омикрон" контагиозды штамының тез таралуына әсер етеді», – деп атап өтті С. Бейсенова.

Санитарлық дәрігер инфекциядан сақтану үшін шұғыл түрде вакцинациялауға/ревакцинациядан өтуге шақырды.

«Қала тұрғындарын вакцинациялауға және уақыты келгендерді ревакцинациядан өтуге шақырамын. Ұжымдар да ревакцинациядан өтуі керек! Әлем бойынша мамандар мен ғалымдар екпе коронавирутың алдын алуға болатыны, ал инфекцияны жұқтырған жағдайда жеңіл өткеретінін мойындады. Тек вакцинация арқылы біз пандемиядан құтыламыз! Денсаулығыңызды қорғау және күшейту тек өзіңізге байланысты екенін есте сақтаңыз!» – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Бейсенова қалада вакцинацияланғандар бойынша статистиканы мысалға келтірді және осы мәселеде өзінің жауапкершілік танытқан азаматтарға алғысын білдірді.

«Бүгінгі күні қала бойынша бірінші компонентпен 501 мыңнан астам адам егілді. Халықтың 70%-дан астамы толық иммундаудан өтті. Бірақ ревакцинация туралы да ұмытпау керек. Тек вакцинация арқылы біз пандемияны жеңе аламыз. Әрбір тұрғын инфекциядан тек вакцинация арқылы ғана шығуға болатындығын түсінуі керек», - деп қорытындылады Сархат Бейсенова.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109