4040

Украин халқының ұлы перзенті Тарас Шевченконың туғанына-199 жыл

Қазақтың мәдениеті мен қылқалам өнеріне өшпес із қалдырған украин халқының ұлы перзенті, прозаик, ақын, этнограф әрі суретші Тарас Шевченконың туғанына 199 жыл толды.

Қазақтың мәдениеті мен қылқалам өнеріне өшпес із қалдырған украин халқының ұлы перзенті, прозаик, ақын, этнограф әрі суретші Тарас Шевченконың туғанына 199 жыл толды. Осыған орай, бүгін Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде осы оқу орны мен «Ватра» украин мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Т.Г.Шевченко және Қазақстан: мәдениеттер сұхбаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жыл сайын 9-10 наурызда Шевченко күндері аталып өтіледі. Ақын 9 наурызда дүниеге келіп, 10 наурызда 47 жасында өмірден озды. Өзінің қысқа да мәнді ғұмырының 10 жылын Қазақстанда өткізген Шевчонко бірқатар өлеңдер мен прозалық шығармалар жазды. Украина мен Қазақстан мәдениетін жақындастыруға ақынның қосқан үлесі орасан. Шевченконы Украинаның Қазақстандағы алғашқы елшісі деп атауы да сондықтан.

«Тарас Шевченконың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Келер жылы Шевченконың 200 жылдық мерейтойы тек Украина аумағында ғана емес, ақынды, ақынның шығармашылығын құрметтейтін көптеген мемлекеттерде тойланады. Ал бүгінгі іс-шара біртуар дарын иесінің  рухына тағзым ету мақсатында ұйымдастырылып отыр», - дейді «Украинськи новины» республикалық газетінің бас редакторы Тарас Чернега.

Шевченко ХІХ ғасырдың орта тұсында Қазақстанның Маңғыстау қаласына жер аударылған. Қазақстандағы 10 жылдық ғұмырында 450-ден астам сурет салған. Оның ішінде, 350-ге жуығында қазақтың табиғаты, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері бейнеленген. Қазақ даласына ерекше ғашық қылқалам шебері Маңғыстау, Арал өңірлерінде өткізген ғұмырында бірқатар қайталанбас дүниелерді өмірге әкелді. ҚР Мәдениет қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі Тілеужан Ботанов Шевченко жайлы жеке пікірін айта келе, оның қазақ мәдениетіне қосқан ерен үлесін кеңінен әңгімеледі.

«Ватра» украин мәдениет орталығына қарасты «Кудесница» шеберлік орталығының жетекшісі Лидия Семенкованың айтуынша, бүгінде Астана қаласында Украин мәдениет орталығының 23 үйірмесі жұмыс істейді. Онда қолынан іс келетін қала тұрғындары тігін, тоқыма өнерлерімен айналысады. Өнердің бұл ерекше түрін меңгеруге қаламыздың көптеген жастары құлшыныс танытып отырған көрінеді.

Дөңгелек үстелге қатысқандар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне Шевченконың шығармаларын мемлекеттік тілге аударып, кітап етіп басып шығаруға, Қазақстанның табиғаты мен тұрмыс тіршілігін бейнелеген суреттерінің альбом ретінде жарық көруіне ықпал етуін сұрап, сонымен қатар, келер жылы Шевченконың 200 жылдығын атап өту үшін бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс жасауды ұйғарды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109