Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты

Жаулыбаев Ерлан Әлімбайұлы – Нұр-Сұлтан қаласы

«Байқоңыр» ауданының әкімі

Білімі: жоғары

2001 ж. – Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;

2017 ж. – М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік- экономикалық университеті;

Еңбек жолы:

27.06.2001-05.01.2004 - Қостанай бизнес және басқару колледжінің қабылдау комиссиясының хатшысы, аға лаборант, колледж директорының орынбасары

07.01.2004-05.01.2005 - Қостанай облысы әкім аппаратының мобилизация бөлімінің бас маманы

01.02.2005-12.05.2005 - «Нұр-Сұлтан қаласының мобилизациялық дайындық және төтенше жағдайлар басқармасы» ММ-нің бас маманы

12.05.2005-01.02.2011 - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, әлеуметтік-мәдени бөлімінің басшысы

02.02.2011-23.07.2012 - Қостанай облысы Жетіқара ауданы әкімінің орынбасары

23.07.2012-23.06.2016 - «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің басшысы

24.06.2016-07.04.2017 - Ақтөбе облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық және аналитикалық бөлімінің басшысы

07.04.2017-05.05.2018 - Ақтөбе облысы әкімі аппараты  басшысының орынбасары

10.05.2018-23.12.2021- Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары

24.12.2021 - Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі

Аудан бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және Астана қаласы мәслихатының шешімімен 2018 жылдың 27 ақпанында құрылды.

Жалпы ауданы - 18 129 га құрайды, Аудан тұрғындарының саны - 226 444 адам Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Е. Брусиловский к., 17/3

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 55-75-19

Телефон нөмірлері:

Персоналды басқару қызметі 8 (7172) 55-73-72

Жиынтық-талдау бөлімі 8 (7172) 55-74-91

Қаржы-шаруашылық бөлімі 8 (7172) 55-74-96

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі 8 (7172) 55-73-75

Әлеуметтік сала бөлімі 8 (7172) 55-67-93

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі 8 (7172) 55-73-80

Инфрақұрылым бөлімі 8 (7172) 55-74-60

Өндірістік-техникалық бөлім 8 (7172) 55-73-76

Абаттандыру бөлімі 8 (7172) 55-73-98

Мемлекеттік сатып алу бөлімі 8 (7172) 55-67-92

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 8 (7172) 55-73-79

Веб-сайт: www.baikonyr.astana.kz

Facebook: @baikonyrakimat

Instagram: @baikonyrastana

Whats app: 8 701 055 59 79

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

Аты-жөні

Лауазымы, жетекшілік ететін сұрақтар

Байланыс телефоны

Қабылдау күні мен уақыты

1.

Жаулыбаев Ерлан Әлімбайұлы

«Байқоңыр» ауданының әкімі

 +7 (7172) 55-75-19

әр бейсенбі сағат 16.00-18.00

2.

Жаулыбаев
Ерлан
Әлімбайұлы

Ішкі саясат, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік жөніндегі әкімнің орынбасары

+7 (7172) 55-73-75

әр сәрсенбі сағат 11.00-13.00

3.

Досмағамбетов Рамиль Майшұлланұлы

Абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық мәселелері жөніндегі аудан әкімінің орынбасары

+7 (7172) 55-14-73

әр жұма сағат 16.00-18.00

4.

Байжанов Жасұлан Балталыұлы

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым және құрылыс мәселелері жөніндегі әкімнің орынбасары

+7 (7172) 55-14-73

әр дүйсенбі сағат 16.00-18.00

5.

Бүрлібаев Санжар Тасқынбайұлы

Тұрғын алаптардың мәселелері жөніндегі әкімнің орынбасары

+7 (7172) 55-73-74

әр сейсенбі сағат 16.00- 18.00

Мемлекеттік мекеменің құрылымы:

Т.А.Ә.

Қызметі

Телефон

Хамзаев Арайбек Аманкелдіұлы

Аппарат басшысы

55-73-98

Жадаев Асет Самарханұлы

Әкімнің жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау жөніндегі кеңесшісі

55-73-73

 

Жиынтық-талдау бөлімі

Бөлім басшысы – Баужанов Азат Қайратұлы, тел.: 55-74-91

Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің директивті актілеріне, қала және аудан әкімінің өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізеді. Барлық деңгейдегі өкілетті және атқарушы органдармен ұйымдастыру және ақпараттық әрекетті қамтамасыз етеді. Ірі мерекелік іс – шаралардың өткізілуіне қатысып, олардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Қала әкімі, әкім орынбасарларының, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылып, олар бойынша реестр жүргізеді, аудан әкімінің тапсырмаларына талдау және мониторинг жүргізеді.

 

Қаржы-шаруашылық бөлімі

Бөлім басшысы – Боранбаева Динара Қанапьяқызы, тел.: 55-74- 96

«Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бекітілген стратегиялық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет қаражаттарының уақытылы, мақсатты және тиімді пайдалануына есеп пен бақылау жүргізеді. Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарын ұстау үшін жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражаттарының және республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің есебін және бақылауын жүргізеді. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, сонымен қатар әрекет ететін заңнамаға сәйкес қаржы органдарына тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептердің тапсырылуын қамтамасыз етеді.

 

Персоналды басқару қызметі

Бөлім басшысы – Таласбаев Азамат Берікұлы, тел.: 55-73-72

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша міндеттер мен функцияларды іске асырады, мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді, мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі

Бөлім басшысы - Махин Бекзат Бауыржанұлы, тел.: 55-73-75

Мүгедектерді, жалғызбастыларды, қарттарды және де басқа аз қамсыздандырылған азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша, денсаулық сақтау, білім, көші-қон, демография, дене шынықтыру және спорт, отбасы және әйелдер, мемлекеттік тілді дамыту; бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекет жасайды, кәсіпорындарда, ұйымдарда мемлекеттік символиканы қолдануға бақылау жасайды, ұлттық және кәсіби мерекелердің өткізуін ұйымдастырады. Санитарлы-эпидемиялық қадағалау, қоғамдық тәртіпті қорғау, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Бизнес саласының даму мәселелері бойынша мониторинг, жинақтау және талдау жасау мәселелерін шешіп, болжамдық көрсеткіштерді құрастырады. Нұр-Сұлтан қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының сыртқы жарнама бөлімімен бизнес объектілерінің сыртқы жарнамасының жағдайы мәселелері бойынша қарым – қатынас жасайды.

 

Әлеуметтік сала бөлімі

Бөлім басшысы – Жұмашева Гүлмира Берікқызы, тел.: 55-67-933

Бөлім ішкі саясат, мәдениет, спорт, дін, тілдерді дамыту, гендерлік саясат, жастар саясаты мәселелері бойынша жоғарғы органдардың директивті құжаттарының орындалуы бойынша материалдар дайындау, құзыреті аясында олардың орындалуын бақылау. Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, дін істері жөніндегі, тілдерді дамыту, жастар саясаты мәселелері басқармаларымен өзара қарым-қатынас жасау. Мәдениет және спорт мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, діни конфессиялар, этномәдени бірлестіктер, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы комиссиялар және кеңестермен өзара әрекет жасау. Ауданда мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру. Еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу. Аудан мекемелерінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің экстерьерлі түрінде дұрыс орналастыруын қадағалау. БАҚ-пен жұмыс істеу. Аудан әкімі аппаратының ресми интернет қорын мәліметпен толтыру.

 

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі

Бөлім басшысы - Кенжетаев Рахат Дулатұлы, тел.: 55-73-80

Ауданның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін, иеліктің барлық түріндегі жетекшілік ететін кәсіпорындарға нақты үзіліссіз жұмысқа жәрдем етуді, жылыту мерзіміне дайындық бойынша шараларды іске асыруды бақылау. ПИК, ОИК,ТҚК және ӨК-термен халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмысты үнемі жүргізеді.

Тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының, ұйымдарының қызметін үйлестіру және бақылау. Инженерлік желілерді тарту және басқа жер өндірістік жұмыстарын бақылап орындау. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпарат жинау. Атқарылған жұмыс бойынша тоқсандық кіріс есебін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарау.

 

Инфрақұрылым бөлімі

Бөлім басшысы – Сейтханов Дархан Бахытұлы, тел.: 55-74-60

Энергетика, жер қатынастары, көлік, байланыс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың қалалық қызметтерімен, өнеркәсіп мекемелерімен, құрылыс ұйымдарымен және аудан инфрақұрылымының өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерімен өзара әрекет ету. Уәкілеттік қызметтерге отын-энергетикалық қорларды және суды тиімді пайдалануда көмек көрсету. Инженерлік желілердің және өзге де жұмыстардың өткізілуі бойынша жер жұмыстарының өндірісіне бақылау жүргізу. Жұмыс тобымен бірлесіп жер телімдерінің мақсатсыз пайдалануына және заңсыз құрылысқа жол бермеу, анықтау бойынша жұмыс істеу.

 

Өндірістік-техникалық бөлім

Бөлім басшысы - Сугембаев Диас Aрманұлы, тел.: 55-73-76

Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету. Абаттандыру, жарықтандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Сала бағыттары бойынша қызметтер мен жұмыстарға мердігерлік ұйымдармен уақытылы келісім шарттар жасауды бақылау және ұйымдастыру. Абаттандыру және құрылыс объектілерінің жұмыстарды сапалы және уақытылы орындауын техникалық қадағалау. Атқарылған жұмысактісін бақылауды іске асыру. Әр ерекшілік бойынша бюджеттік шығындар есебін тапсыру, бюджеттік өтінімдерді дайындау. «Астана Зеленстрой» АҚ, «Астана қалалық жарық» ЖШС, «Астана Тазарту» ЖШС, мердігерлік ұйымдарымен қарым-қатынас орнату. Мердігерлік ұйымдардың жұмысын үйлестіру. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпаратты жинау. Атқарылған жұмыс бойынша тоқсандық кіріс есепті дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарау.

 

Абаттандыру бөлімі

Бөлім басшысы – Айтбеков Нұрбол Жүргенұлы, тел.: 55-73-78

Абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту бойынша іс-шаралар жоспарының, «Нұр-Сұлтан қаласы аумағында құрылыс салу ережесінің», ауданды көгалдандыру бойынша дайындық жұмыстарының, тұрғындармен, ПИК-мен жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету. Аудан аумағында қоқысты шығарумен және тазалаумен айналысатын кәсіпорындардың жұмыстарын бақылау, ұйымдар мен мекемелердің қысқы уақытта мұзды және жол төсемін қардан тазалауын бақылау. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпаратты жинау. Атқарылған жұмыс бойынша тоқсандық кіріс есебін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзім бойынша қарау.

 

Мемлекеттік сатып алу бөлімі

Бөлім басшысы – Қожғалиева Асем Шюншолықызы тел.: 55- 67-92

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жасау. Уәкілетті органға қажетті ақпаратты уақытылы ұсыну және оны веб-сайтқа, веб-порталға жіберу. Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының дұрыс жасалуына, жергілікті органдарға уақытылы мағұлматты мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының дұрыс жасалуын, қызметтер және жұмыс, заттарды жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын құрылып, бекітілгенін қадағалау.

 

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

Бөлім басшысы – Тұрашева Айгүл Ақбердіқызы, тел.: 55-73-79

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді: Қазақстан Республикасы аумағында тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін ауыстыруды, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізуді, жоюды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін беруді ұйымдастыру.

 

 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz