«Алматы» ауданы әкімі апараты
Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы «Алматы» ауданының әкімі
2004-2005 жылдары Индустрия және сауда Министрлігінің құрылыс Комитетінде жетекші маман, бас маман болып бастаған.
2005-2008 жылдары қала әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, директор орынбасары болған.
2008-2011 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары;
2011-2012 жылдары Ауыл шаруашылығы Министрлігінің су ресурстары Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.
2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасына, Алматы қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасына басшылық жасады.
2020 жылдың ақпан айынан Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі.
2016 жылы «Ерең еңбегі үшін» медалімен және «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталған.
Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде.
Аудан бойынша жалпы мағлұмат
- Аудан Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы № 3942 Жарлығымен құрылды
- «Алматы» ауданының аумағы – 15 471 га
- Халық саны – 303,8 мың адам
- Аудан аумағында 6 тұрғын алаб орналасқан.
Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 7.
Телефондары:
Әкімнің қабылдау бөлімі +7 (7172) 36-10-90
Ұйымдастыру-бақылау бөлімі +7 (7172) 36-39-19
Персоналды басқару қызметі +7(7172) 36-38-90
Кеңсе +7 (7172) 36-36-87
Абаттандыру бөлімі +7 (7172) 35-03-01
Инфрақұрылым бөлімі +7 (7172) 36-39-27
Тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі +7 (7172) 34-08-35
Әлеуметтік сала бөлімі +7 (7172) 36-11-26
Өндірістік-техникалық бөлім +7 (7172) 36-36-79
Сметалық бөлім +7 (7172) 34-17-43
Қаржы-шаруашылық бөлімі +7 (7172) 36-51-04
Мемлекеттік сатып алулар бөлімі +7 (7172) 36-45-59
Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі +7 (7172) 36-93-49
Веб-сайт: almaty.astana.kz
Мемлекеттік орган қызметі туралы қысқаша ақпарат
Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан мемлекеттік мекеме болып табылады.
Аппарат қызметінің негізгі мақсаты Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы аумағының мүддесі мен қажеттілігін дамыта отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізу болып табылады.
Аппарат қызметінің басымды бағыттары: азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарастыру; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша тиісті шара қабылдау; тұрғын алабтарды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру сұрақтары бойынша заңнаманың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; аз қамтылған тұлғаларды анықтау және т.б.
Азаматтарды қабылдау кестесі
№ |
Басшының аты-жөні |
Лауазымы |
Қабылдау уақыты |
1 |
Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы |
Аудан әкімі |
Әр бейсенбі сайын |
2 |
Қожекенов Мұхамедияр Нұрлыбекұлы |
Әкімнің тұрғын үй-коммуналдық, газдандыру және қызмет көрсету ұйымдары жұмысының сұрақтары бойынша орынбасары |
Сәрсенбі |
3 |
Саматұлы Мақсат |
Әкімінің ауданды жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық ұстау сұрақтары бойынша орынбасары |
Сәрсенбі |
4 |
Бапышев Бекжан Мейрамбекұлы |
Әкімінің абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлік және құрылыс сұрақтары бойынша орынбасары |
Жұма |
5 |
Елімсарина Арайлым Тілеуханқызы |
Әкімнің ішкі саясат және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша орынбасары |
Сәрсенбі |
6 |
Аппарат басшысы |
Сейсенбі |
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ «АЛМАТЫ» АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Ұйымдастыру-бақылау бөлімі
Бөлім басшысы – Қапанов Бауыржан Серікпайұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің директивті актілеріне, қала және аудан әкімінің өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізеді. Барлық деңгейдегі өкілетті және атқарушы органдармен ұйымдастыру және ақпараттық әрекетті қамтамасыз етеді. Қала әкімі, әкім орынбасарларының, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылып, олар бойынша реестр жүргізеді, аудан әкімінің тапсырмаларына талдау және мониторинг жүргізеді.
Персоналды басқару қызметі
Бөлім басшысы – Иманбаева Динара Қыдырбайқызы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады, мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді, мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Кеңсе
Бөлім басшысы - Уразбекова Гүлбаршын Садуақасқызы
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңын жүзеге асыруын қамтамасыз ету, аудан әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыздардың уақытылы қарастырылуын, сондай – ақ, бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады. Құжаттаудың бiрыңғай тәртiбiн, құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды, ақпараттық iздеу жүйесiн құру және жүргiзудi, құжаттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Құжаттарды алғашқы өңдеудi, алдын-ала қарауды, тiркеудi, есепке алуды, сақтауды, жеткiзудi және таратуды жүзеге асырады. Келіп түскен өтініштерінің айлық, тоқсандық талдауын жасайды, кіріс құжаттарының жағдайы жөнінде ақпарат дайындайды.
Әлеуметтік сала бөлімі
Бөлім басшысы – Бекенова Сапура Мухамедияқызы
Мүгедектерді, жалғызбастыларды, қарттарды және де басқа аз қамсыздандырылған азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша, денсаулық сақтау, білім, көші-қон, демография саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Аз қамтылған азаматтарды анықтайды және оларды арнайы есепке алады, жұмыспен қамту мәселелері бойынша құзыретті органдарға қолдау көрсетеді, атаулы әлеуметтік көмек беру жөніндегі комиссияның жұмысына, Семей полигоны жөніндегі арнайы комиссияның жұмысына қатысады, Ардагерлер кеңесімен өзара жұмыс жасайды.
Ішкі саясат бөлімі
Бөлім басшысы - Жақыпов Нұрболат Еркенұлы
Аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, қозғалыстармен, қорлармен, шығармашылық одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, діни, волонтерлік және жастар ұйымдарымен, этно-мәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бөлім мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, аудандық ұйымдардың қоғамдық-саяси және мәдени-спорттық іс-шараларды өткізу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі практикалық жұмысты жүзеге асырады.
Инфрақұрылым бөлімі
Бөлім басшысы
Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бизнес объектілердің сыртқы және көрнекі жарнамасының тиісті жағдайына байланысты өзара әрекеттесуді үйлестіреді және ұйымдастырады; Мұз айдындары мен қар қалашықтарын ағымдағы күтіп ұстау және орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; Көше аншлагтарын дайындап, орнатады; Аудан аумағындағы жерді ұтымды пайдалануды және әр түрлі мақсаттағы (тұрғын ғимараттар, темір гараждар және басқа объектілер) өз бетімен құрылыс салу фактілерін бақылайды; Маусымдық сауда орындарын анықтау және үйлестіру жөніндегі жұмысты жүргізеді; Аудандық Полиция басқармасының ЖПҚ-мен, сондай-ақ рұқсат етілмеген сауда мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды; Аудандық Полиция басқармасының табиғатты қорғау бөлімімен өзара іс-қимыл жасайды; Аудан аумағында салынып жатқан және пайдалануға берілген нысандардың мониторинг жүргізеді; Объектілерді рұқсатсыз салу фактілері анықталған жағдайда өз құзыреті шеңберінде уәкілетті органдарға хабарлау шараларын қабылдайды; Көлік және коммуникация кәсіпорындары мен ұйымдарының, құрылыс кәсіпорындарының қызметін бақылайды, сонымен қатар ауданның инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізеді, мекен-жай орнына тексеру үшін объектіге баруды жүзеге асырады.
Тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі
Бөлім басшысы – Сарсекеев Ерлан Танатқанұлы
Ауданның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін, барлық меншік түріндегі кәсіпорындарға ықпал жасауды, жылу маусымына дайындық бойынша шараларды іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру. Аудан тұрғындарына қызмет көрсету сапасын көтеруге байланысты ПИК, ОИК, ТҚК, МҮБ, ЖС және ӨК-термен үнемі жұмыс жүргізу. Аудан бойынша ашық құдықтарға мониторинг жүргізу, қалалық басқармалармен және коммуналдық кәсіпорындармен бірлесіп әрекет ету. Қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен су, жылу, электрмен жабдықтау кезінде авариялық жағдай орын алған уақытта, бірлесе әрекет ету. Тұрғын үй қорының тиісті аумағының санитарлық жағдайын бақылау.
Абаттандыру бөлімі
Бөлім басшысы – Топаев Бахтияр Шабденұлы
Қаланың кәсіпорындары және ұйымдарымен, коммуналдық қызметтермен әрекет жасауды қамтамасыз ету. «Абаттандыру, санитарлық жағдай, аумақты жинау және тазалықты қамтамасыз ету ережелері туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты шешімінің орындалуын қамтамасыз ету. Бекітілген және жақын орналасқан аумақты санитарлық күту мәселелері бойынша ауданның кәсіпорындары және ұйымдарымен жұмысты ұйымдастырады. Қала аумағында жол, тротуарлардың, газондардың және басқа қала шаруашылығы элеметтерінің жұмыс өндірісі тәртібінің сақталуына бақылау жасау.
Өндірістік-техникалық бөлім
Бөлім басшысы – Бисегулов Аслан Ғабдрахманұлы
Ауданды ағымдық ұстау бойынша қажетті іс-шараларды жасақтайды. Техникалық-экономикалық негіздемелер мен есептерді дайындауға қатысады. Санитарлық тазалау, көгалдандыру, жарықтандыру және тасқын судың алдын алу шараларымен айналысады. Мердігер ұйымдардың жұмысын қадағалайды.
Сметалық бөлім
Бөлім басшысы – Тілегенова Раушан Сансызбайқызы
Бюджеттік өтінімге жасалған есептерді құру және тексеру, мемлекеттік сатып алу байқауын өткізуге арналған техникалық ерекшеліктерінің дұрыс құрастырылуын тексеру, мердігер ұйымдардың атқарған жұмыстарының актілеріне қол қою. Жұмыс жасаған кезде туындаған сұрақтарды өз уақытында шешу бойынша шаралар қабылдау.
Қаржы- шаруашылық бөлімі
Бөлім басшысы
«Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бекітілген бюджеттік бағдарламаларына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлауды және қаржыландыру жоспарының орындалуын жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізеді. Заңнамаға сәйкес қаржы органдарына тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептердің уақытында дайындалуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік сатып алу бөлімі
Бөлім басшысы
Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жасау. Уәкілетті органға қажетті ақпаратты уақытылы ұсыну және оны веб-сайтқа, веб-порталға жіберу. Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының дұрыс жасалуына, жергілікті органдарға уақытылы мағлұматты мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының дұрыс жасалуын, қызметтер және жұмыс, заттарды жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын құрылып, бекітілгенін қадағалау.
Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
Бөлім басшысы – Әміржанова Гүлсім Мәдиқызы
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді: Қазақстан Республикасы аумағында тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін ауыстыруды, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізуді, жоюды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін беруді ұйымдастыру.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz