1642

Балалар құқығын қорғау

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ балалар құқығын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау және жасөспірімдер арасында суицид проблемасын шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған Жол картасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында мектептерде ыңғайлы және қолайлы орта құру, кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың, оның ішінде буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, қажетті көмек көрсету үшін балалардың стресстік жағдайын уақытылы анықтау жұмыстары жүргізіледі.

Балалардың психологиялық тұрақтылығын арттыру, стресске төзімділігін қалыптастыру мақсатында мектептерде 1-11 сынып оқушылары үшін «Өзін-өзі дамыту психологиясы» элективті курсы енгізілді.

Буллингтің алдын алу үшін оқушылар арасында балалар медиациясын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта пилоттық режимде № 37,20, 31, 72, 67, 41, 35, 6, 68, 29, 69, 36 мектептер және Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі базасында «Татуласу мектебі: тең-теңімен» жобасы іске асуда, онда балалар өзін-өзі ұстау және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу дағдыларына үйренеді.

Пилоттық режимде бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру үшін ұйымдарда «Ата-аналар клубы» қоғамдық диалог алаңы жұмыс істейді. Биыл Нұр-Сұлтан қаласының «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығымен бірлескен жұмыс туралы шартқа қол қойылды. Клуб құрамына 140 ата-ана кіреді. Клуб жұмысы аясында балалар, мұғалімдер және ата-аналар үшін түрлі тақырыптарда вебинарлар өткізіледі.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын уақытылы анықтау және ден қою үшін, сол сияқты олардың арасында «Co-Make» ҚҚ-мен бірлесіп, «Амалтея» автоматтандырылған психодиагностика бағдарламасы бойынша жұмыс жалғасатын болады. Ол оқушылар мен студенттердің күйзеліс жағдайын ертерек анықтауға (буллинг, кибербуллинг және т.б.) мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Bilim Foundation қоғамдық қоры «Кәмелетке толмағандар арасында денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ суицидтің алдын алу» бағдарламасын жүзеге асырады.

Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу үшін Қор жасөспірімдердің психикалық денсаулығы туралы, БАҚ беттеріне, интернет-ресурстарға, https://bilimfoundation.org сайтына ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған видеоконтент шығару арқылы балаларға психикалық және физикалық зорлық-зомбылықтың салдары жайлы кеңінен насихаттайды.

BF Line психологиялық қолдау қызметі бағдарламаның жеке компоненті болып саналады, ол жүгінген жасөспірімдерге тікелей психологиялық көмек көрсетуге арналған. Ең тәжірибелі психотерапевтер қатарындағы Қордың кеңесшілері бағдарлама енгізілген өңірлердің бәрінде онлайн және офлайн режимде балалармен және олардың ата-аналарымен консультациялық және психокоррекциялық жұмыс жүргізеді. Оған мына сайт арқылы жүгінуге болады: http://bfline.org/.

Сондай-ақ, балалар құқығын қорғау мәселелері бойынша елордада 150, 111, 557467 қолдау және жедел желі телефондары жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109