
Солтамбеков Нұрлан Қожахметұлы
Әкім орынбасары
Әкімдіктің үлестік құрылыс, үлестік құрылыстың проблемалы объектілерін аяқтау, қоршаған ортаны қорғау, кешенді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыру объектілері мен желілерін дамыту, аумақты санитарлық тазарту (оның ішінде жәндіктерден тазарту, қар тазалау), қаланың шет аймақтарын дамыту, ӘКК (абаттандыру мен көгалдандыру бойынша) мәселелерін қадағалайды жөнінде қабылданатын қаулылардың, Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес болуы үшін жеке жауапкершілік жүктеледі.
Ол 20 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Мамандығы — инженер-құрылысшы. Еңбек жолын ағаш ұстасы цехының шеберінен бастады. Әр жылдар бойы бірқатар басқармаларда түрлі позицияларда еңбек етті. 5 жыл бойы елорданың коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді. Соңғы жылдары "Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасын","отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасын" басқарды. Меритократия қағидатына сәйкес бас маманнан қала басшысының орынбасарына дейін еңбектенді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz