2003

«Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін  қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1295 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы

әкімінің міндетін атқарушы                                                        Е. Қизатов

          Нұр-Сұлтан қаласы

          әкімдігінің қаулысына

          қосымша

 

         Нұр-Сұлтан қаласы

         әкімдігінің  2020 жылдың

         6 қазанындағы № 508-2075

         қаулысымен бекітілді

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар

тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі

 

Р/с №

Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің түрі

Ескерткіштің орналасқан жері

 

1

2

3

4

1.

Көпес И.С. Силиннің үйі,
ХІХ-ХХ ғасырдың басы

Қала құрылысы және сәулет

Кенесары көшесі,          № 35

2.

Ерекше міндет бөлімі отрядтары құрылған үй, 1914 жыл

Қала құрылысы және сәулет

Ж. Омаров көшесі,               № 57

3.

Теміржолшылар сарайы, 

1954 жыл

Қала құрылысы және сәулет

І. Есенберлин көшесі, № 10

4.

1954 жылы алғашқы тың игерушілер эшелоны келген вокзал ғимараты және вокзал маңындағы алаң,

1954 жыл

Қала құрылысы және сәулет

310-дивизия атындағы вокзал маңындағы алаң

5.

Сәкен Сейфуллин ескерткіші,
1972 жыл

Монументтік өнер құрылыстары

Жеңіс даңғылы, № 62

6.

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге ескерткіші, 
1995 жыл

Монументтік өнер құрылыстары

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ауданы,

Жеңіс даңғылы

7.

Константин және Елена шіркеуі,
1854-1900 жылдар

Қала құрылысы және сәулет

Республика даңғылы, 
№ 12

8.

Қалалық басқарма ғимараты, 
ХІХ ғасырдың соңы

Қала құрылысы және сәулет

Желтоқсан көшесі,            № 11

9.

Гимназия,
ХІХ ғасырдың соңы

Қала құрылысы және сәулет

Желтоқсан көшесі,            № 13

10.

Көпес Д.В. Егоровтың үйі 
ХІХ-ХХ ғасырдың басы

Қала құрылысы және сәулет

М. Әуезов көшесі,      № 5а

11.

Көпес үйі, 

1846 жыл

Қала құрылысы және сәулет

М. Әуезов көшесі,      № 20

12.

Дәрігер Ф.И. Благовещенскийдің үйі, ХХ ғасырдың басы

Қала құрылысы және сәулет

М. Әуезов көшесі,      № 20а

13.

Жасыл мешіттің дуалы,
1895 жыл

Қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, № 83

14.

Көпес С.А. Кубриннің ауруханасы, 
1880 жыл

Қала құрылысы және сәулет

Ә. Жангелдин көшесі,            № 40

15.

Көпес В.М. Кубриннің 
үйі және жапсаржайы,
1910 жыл

Қала құрылысы және сәулет

Кенесары көшесі,              № 41

16.

Көпес М.К. Кубриннің 
сауда үйі, 

1905 жыл

Қала құрылысы және сәулет

Кенесары көшесі,                № 37

17.

П.Г. Моисеевтің үйі, 
1914 жыл

Қала құрылысы және сәулет

Ә. Мәмбетов көшесі,               № 40

18.

«Октябрь» кинотеатрының 
ғимараты,

ХХ ғасырдың басы

Қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, № 29

19.

Пионерлер үйі, 
ХХ ғасырдың

1960 жылдары

Қала құрылысы және сәулет

Бейбітшілік көшесі,  № 6

20.

«Есіл» қонақ үйінің ғимараты,
1958-1960 жылдар

Қала құрылысы және сәулет

Бейбітшілік көшесі,  № 8

21.

Астана қаласы 
әкімдігінің бұрынғы ғимараты,

1958 жыл

Қала құрылысы және сәулет

Ж. Омаров көшесі,          № 60

22.

Мемлекеттік Қауіпсіздік

комитетінің ғимараты, 

1950 жыл

Қала құрылысы және сәулет

Т. Бигелдинов көшесі, 
№ 74/1

23.

Мұсылман жастарына арналған 
Б. Қосшығұловтың мектебі, 
ХІХ-ХХ ғасырдың басы

Қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, № 24

24.

«Астана-Бәйтерек»

монументалдық құрылысы, 

2002 жыл

Монументтік өнер құрылыстары

Нұржол бульвары,

№ 14

25.

Кенесары хан ескерткіші,
2001 жыл

Монументтік өнер құрылыстары

Есіл өзенінің жағалауы

26.

А.С. Пушкин ескерткіші,
1999 жыл

Монументтік өнер құрылыстары

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ауданы

27.

С. Сейфуллин ескерткіші, 
1994 жыл

Монументтік өнер құрылыстары

С. Сейфуллин және 
М. Әуезов 
көшелерінің қиылысы

28.

«Астана» мүсіні,

2002 жыл

Қала құрылысы және сәулет

Ж. Тәшенов көшесіндегі шағынгүлбақ

29.

Метеостанция ғимараты,
1914-1916 жылдар

Қала құрылысы және сәулет

Жамбыл көшесі, № 11

30.

«Космос» және «Баспа»

мозаикалық паннолар,

1972 жыл

Қала құрылысы және сәулет

Бейбітшілік көшесі,   № 25

31.

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені,

2007 жыл

Ансамбльдер мен кешендер

Ақмола облысы,
Целиноград ауданы, 
Ақмол ауылы

32.

«Қараөткел» мұсылман зираты,
1609-1962 жылдар

Киелі объектілер

«Жастар»

шағын ауданы

33.

Бозоқ ІІ қыстауы,
XVIII-XIX ғасырлар

Археология

Бұзықты көлінің шығыс жағалауы

34.

Қозыкөш І қыстауы,
XVIII-XIX ғасырлар

Археология

Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

35.

Қозыкөш ІІ қыстауы,
XVIII-XIX ғасырлар

Археология

Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

36.

Қозыкөш ІІІ қыстауы,
XVIII-XIX ғасырлар

Археология

Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

37.

Қозыкөш ІV қыстауы,
XVIII-XIX ғасырлар

Археология

Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

38.

Қозыкөш V қыстауы,
XVIII-XIX ғасырлар

Археология

Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

39.

Көктал жалғыз қорғаны,
ерте темір ғасыры,
б.ғ.д. VII-ІІI ғасырлар

Археология

қаланың солтүстік бөлігі, Көктал тұрғын алабынан солтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде

40.

Бұрынғы  мұсылман  мектебінің екінші ғимараты,

ХІХ ғасырдың басы

Қала құрылысы

және сәулет

Отырар көшесі, № 1/2

 

41.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті,

2012 жыл

Киелі объектілер

Тәуелсіздік даңғылы,

 № 48

42.

«Нұр-Астана» мешіті,

2005 жыл

Киелі объектілер

Қабанбай батыр даңғылы, № 36

 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109