2004

Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының  4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының мынадай білім беру ұйымдарына:

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 11 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;

2) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының есімі;

3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 69 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың есімі;

4) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№ 2 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Роза Бағланованың есімі;

5) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№ 3 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;

6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына   Дінмұхамед Қонаевтың есімі;

7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;

8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына                   Ыбырай Алтынсариннің есімі берілсін.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

  Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

                      

                       А. Мамин

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109