Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 мамырдағы және 10 қарашадағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы ___ желтоқсандағы қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
- Мыналарға:
Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
жобалық атауы А23 көшеге – Николай Макиевский көшесі;
жобалық атауы А82 көшеге – Мұхамеджан Тынышбайұлы көшесі;
жобалық атауы № 23-15 көшеге – Қалибек Қуанышбаев көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
жобалық атауы № 201 көшеге – Баймұхамет Қосшығұлов көшесі;
жобалық атауы Е11 көшеге – Әзілхан Нұршайықов көшесі;
жобалық атауы Е15 көшеге – Ербол Шәймерденұлы көшесі;
жобалық атауы Е108 көшеге – Мақтымқұлы көшесі;
жобалық атауы Е321 көшеге – Юнус Емре көшесі;
жобалық атауы Е495 көшеге – Хұсам ад-дин ас-Сығнақи көшесі;
жобалық атауы Е609 көшеге – Әшірбек Сығай көшесі;
жобалық атауы Е613 көшеге – Саят Абеев көшесі;
жобалық атауы Е632 көшеге – Тұяқберді Шәмелов көшесі;
жобалық атауы Е633 көшеге – Бақтыгерей Құлманов көшесі;
жобалық атауы Е635 көшеге – Ғазиз Байтасов көшесі;
жобалық атауы Е652 көшеге – Мұхаммед Әли Джинна көшесі;
жобалық атауы Е809 көшеге – Жошы хан көшесі;
жобалық атаулары Е585 және Е865 көшелерін біріктіріп, Әмір Едіге көшесі;
жобалық атаулары Е586 және Е875 көшелерін біріктіріп, Роза Жаманова көшесі;
жобалық атаулары Е589 және Е611 көшелерін біріктіріп, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы көшесі;
Сығанақ көшесінде, «Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан атаусыз саябақ – «Бухарест» деп аталсын.
- Мыналар:
Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
Тоқтар Әубәкіров көшесі – Шұбартау көшесі;
Көксай көшесінен басталып, Жағажай көшесінің бөлігі – Тоқтар Әубәкіров көшесі;
Мақтымқұлы және Қобыланды батыр көшелерін біріктіріп, Қобыланды батыр көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша:
Мұхамеджан Тынышбаев және Иманжүсіп Құтпанов көшелерін біріктіріп, Иманжүсіп Құтпанов көшесі деп қайта аталсын.
- Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері, «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы бірлескен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі _________А.Көлгінов
|
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы ___________ Е. Каналимов |
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz