Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 4-4-бабының 4-1) тармағына, «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын анықтау жөніндегі комиссияның жұмыс органы «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
- «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары
А. Оралов
«Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы
Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Ішкі саясат басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы Д. Бабамұратов-
-
Базовая цена каз Docx formatFileSize(File::size(public_path($file->link)))
-
Методика стоимости каз Docx formatFileSize(File::size(public_path($file->link)))
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz