1679

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 12-1035 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы»

 

 Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің   2015 жылғы 22 маусымдағы № 12-1035 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

          қаулының 2 және 4-тармақтарындағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;

          аталған қаулыға қосымшада:

          «Алматы» ауданы» деген бөлім мынадай мазмұндағы 1-1-жолмен  толықтырылсын:

«

1-1.

ЖК «Paidaly kitaptar»   

А. Байтұрсынұлы көшесі, № 47 үй

»;

«Есіл» ауданы» деген бөлім мынадай мазмұндағы 9-1-жолмен  толықтырылсын:

«

9-1.

«Кемеңгер Медиа Груп» ЖШС

Е-757 көше

»;

«Сарыарқа» ауданы» деген бөлімде реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
  • осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 

А. Көлгінов 

  

Нұр-Сұлтан қаласы

әкімінің орынбасары

А. Оралов

 

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы

Ж. Шәукентаев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Дін істері жөніндегі басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы

Н. Әлмұханов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109