"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қаулы Жобасы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2021-2025 оқу жылдарына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру тапсырысы) қосымшаға сәйкес орналастырылсын.
- «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.Р.Ораловқа жүктелсін.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары
А. Оралов
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы
Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қ. Маңқараев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т. Мұратов
«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Р. Иманғазинова
-
Приложение каз Docx formatFileSize(File::size(public_path($file->link)))
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz