1508

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 367-2307 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы»

 Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:                                  

  1. «Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы   11 желтоқсандағы № 367-2307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 995 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
  • көрсетілген қаулыда:
  • атауындағы, преамбуладағы, 1-тармақтағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
  • 2-тармақта:
  • «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшы міндетін атқарушы Солтанбеков Нұрлан Қожахметұлына» деген сөздер «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына» деген сөздермен ауыстырылсын;
  • қосымшада:
  • 1, 2, 3, 4-бөлімдердегі «Астана» деген сөз тиісінше «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
  • осы қаулыға қосымшаға сәйкес «5. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормалары» деген бөліммен толықтырылсын.
  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
  • осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қаматамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 

А. Көлгінов

  

Нұр-Сұлтан қаласы

әкімінің орынбасары

Е. Қизатов

 

«Нұр-Сұлтан қаласы

әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы

Ж. Шәукентаев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Отын-энергетикалық кешені және

коммуналдық шаруашылық  басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы 

Т. Құлұшев

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109