"Жоғары білімі бар мамандарды Даярлауға 2021-2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" ЖОБА
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына және 62-бабының 5-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жоғары білімі бар мамандарды даярлаудың 2021–2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру тапсырысы) осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) басшысы жоғары білім берудің тиісті оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Басқарма жергілікті бюджет қаражаты есебінен «360 057 015 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып белгіленсін.
- Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
- осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.Р. Ораловқа жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары
А. Оралов
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы
Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қ. Маңқараев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Дене шынықтыру және спорт»
басқармасы мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Н. Ерғалиев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Дін істері жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н. Әлмұханов
«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Н. Еламанов
-
приложение каз Docx formatFileSize(File::size(public_path($file->link)))
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz