2163

Елорданың құқық қорғау органдарының қызметкерлері әлеуметтік нысандардың терроризмге қарсы қорғалуы бойынша семинарлар өткізді

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мәдениет, білім беру және спорт нысандарының ұжымдарымен терроризмге қарсы қорғалу бойынша бірқатар семинарлар өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен, 26 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары елорда әкімдігінің антитеррорлық комиссиясымен, сондай-ақ мәдениет басқармасымен бірлесіп, мәдениет нысандарын терроризмге қарсы қорғау бойынша семинар өткізді.

Сондай-ақ, С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің қызметкерлеріне арнап онлайн семинар өткізді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының ТТО нысандарының терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнамасы, терроризм актісін жасау қатері кезіндегі іс-әрекеттер және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар мен төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарды ұйымдастыруға көмек көрсету түсіндірілді.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ТҚК, Нұр-Сұлтан қаласы ҰҚКД ТҚО, сондай-ақ Спорт басқармасымен бірлесіп, спорт нысандарын терроризмге қарсы қорғау бойынша семинар өткізілді. Үкіметтің 06.05.2021 жылғы «террористік тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» 305 Қаулысының міндеттері жеткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109