2254

Елорда тұрғындары алдағы уақытта салынатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің тұжырымдамасын талқылауда

Елордада аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) ауқымды түрде түрленеді. Қала тұрғындары Урбанистика орталығымен және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп алдағы уақытта салынатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер тұжырымдамасын талқылауда. 

Абаттандыру маусымы басталысымен жөндеу жұмыстарына кірісу үшін қазірдің өзінде қала тұрғындарымен кездесулер өткізуде. Кездесуде әрбір адам алдағы уақытта салынатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) тұжырымдамасы бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын ұсына алады.

Жыл басынан бері аудандық әкімдіктердің бәрі Урбанистика орталығымен бірлесіп қала тұрғындарымен, оның ішінде елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізді. Мысалы, 19 қаңтарда Байқоңыр ауданының әкімі, қалалық мәслихат депутаттары ауданның белсенді тұрғындарымен кездесті, онда аула аумақтарын абаттандыру мәселелері қаралды. 29 қаңтарда Айдарлы, Құсмұрын 2, Жеті жол және К.Байсейітов көшесі 105, 107 (Сарыарқа ауданы) тұрғындарымен аула кеңістіктерін абаттандыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, bmx, паркур, скейтбординг және фристайл сияқты экстремалды спорт түрлерінің кәсіби спортшыларымен кездесу өтті. Осылайша, қалада экстрим-спортты сүйетіндер үшін тартымды үш орын ашу жоспарланып отыр. Скейт-парктер құру жобалары райдерлер мен скейтбордшылардың пікірін ескере отырып жүзеге асырылады.

«Бұл кездесулер өз тиімділігін дәлелдеп, өзара байланысты жақсартуда. Мысалы, тұрғындардың қатысуымен әзірленетін, енгізілетін және іске асырылатын «Халықтық қатысу бюджеті» жобасын алайық. Жоба аясында қала тұрғындары аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша өз идеяларын ұсына алады. «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы алғаш рет Сарыарқа ауданына енгізілді. Біз іс жүзінде жобаның бар екенін және тұрғындар оған қатысуға дайын екенін көрдік. Осы себепті «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы қаланың басқа аудандарында да енгізілді», - деп атап өтті қалалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Әрбір ауданда қала тұрғындары, Урбанистика орталығының және әкімдік қызметкерлері кіретін жұмыс топтары құрылуда. Тұжырымдаманы талқылағаннан кейін жобаны іске асыру қолға алынады. Жоба мен конкурс туралы толық ақпаратты аудандық әкімдіктердің ресми сайттарынан алуға болады. (Сарыарқа ауданы негізіндегі мысал: https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-saryarka, «Халықтық қатысу бюджеті» бөлімінде).

Елорда әкімі Алтай Көлгінов атап өткендей, шағын аудандар мен елді мекендердің тұрғындары кездесу барысында негізінен аула аумақтары мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру мәселесін қозғайды. Осылайша, соңғы жылдары «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында елордада 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды және абаттандырылды. Қаланың оң жақ бөлігі мен елді мекендерге баса назар аударылды.

Президент абаттандыру жұмысында «Халықтық қатысу бюджетінің» үлесін арттыруды тапсырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109