Конкурс туралы хабарландыру
Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Антикор» орталығымен бірлесіп, Жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобалар байқауының басталғаны туралы хабарлайды.
Мақсаты:
- жастарды патриоттық рухта және жемқорлықтан бас тартуға тәрбиелеу;
- жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, құқықтық мәртебесі мен құқықтық мәдениет деңгейін көтеру.
Байқаудың шарттары:
- Байқауға елордалық жоғары оқу орындарында үздік деп танылған жоба иелері шақырылады.
- Жоба электронды түрде электронды поштаға konkursproektovantikor@yandex.kz («Жобалар байқауы» деген тақырыпшамен) жіберіледі. Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады: 55-67-05, 87026577890, 87022158406.
- Байқаудың ұйымдастырушылары белгіленген мерзімнен кеш келген жұмыстарды және тақырыпқа сай емес жұмыстарды қабылдамауға құқылы.
- Әрбір университеттен үздік деп танылған тек бір ғана жұмыс қабылданады.
- Байқауды ұйымдастырушы байқау жеңімпаздарының жұмыстарын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде пайдалануға құқылы.
Байқаудың өткізу мерзімі:
Байқау жұмыстарын қабылдау – 2021 жылғы 10-21 қараша аралығы.
Қатысушылардың комиссия мүшелері алдында өз жобасын қорғауы, байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау – 2021 жылғы 25 қараша.
Байқауды өткізу үшін төрағадан және комиссия мүшелерінен тұратын байқау комиссиясы құрылады.
Комиссия конкурстың жеңімпаздарын Конкурсқа қатысушылардың ұсынған материалдарын қарау нәтижелері бойынша анықтайды.
Жеңімпаздар Комиссия мүшелері белгілеген 1-ден 10-ға дейінгі ұпайлардың негізінде келесідей критерийлермен анықталады:
1) конкурстық тақырыпты ашу деңгейі;
2) анық және негізделген авторлық ұстаным;
3) тұжырымдардың ерекшелігі мен тәуелсіздігі;
4) мәтіннің тұтастығы мен дәйектілігі.
Жеңімпаз ретінде ең жоғары балл алған конкурстық жұмыс танылады.
Теңдей ұпай алған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші рөл атқарады.
-
кз 2021-11-09 at 17.45.39 Jpeg formatFileSize(File::size(public_path($file->link)))
-
кз 2021-11-09 at 17.45.40 Jpeg formatFileSize(File::size(public_path($file->link)))
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz