«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-О-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесі;
7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы, тг.:
Санаты |
еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
D-О-2 |
410 720 |
471 788 |
- * Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451қбп қаулысына сәйкес Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлуге сәйкес осы лауазым А функционалдық блогының 8 деңгейіне жатады.
.
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 433 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-64-32, 8 (7172) 55-72-69, hr-akimat@astana.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
- «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары (D-О-2 санаты, 1 бірлік, Р-2).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық және экономика негіздері, кәсіптік оқыту, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі Қазақ тілі мен әдебиеті, сызу және бейнелеу өнері, тарих, дене тәрбиесі, физика, математика, орыс тілі және әдебиеті, физика және математика, бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі, информатика, биология және химия, география, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, педагогика және психология, алғашқы әскери дайындық, дефектология, музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, дене шынықтыру және спорт, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, химия, өсімдіктану, шет тілі: екі шет тілі, педагогикалық өлшемдер, дене дайындығы, қазақ филологиясы, персоналды басқару, тіршілік қауіпсіздігі және валеология, білім (бейнелеу өнері және сызу), білім (орыс тілі және әдебиеті), білім (Қазақ тілі және әдебиеті), тарих, құқық және экономика негіздері мұғалімі, тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша), география және тарих, тарих және дінтану, білім беру ұйымының зертханашысы, мәдени-ағарту жұмысы, жалпы техникалық пәндер және еңбек, сызу және сурет салу, негізгі орта білім беру, тәрбие жұмысын ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру, биология, педагогика және психология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, орыс тілі және әдебиеті, тарих және география, тарих, құқық және экономика негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, Шет тілі, орыс тілі мен әдебиеті, Шет тілі, бастапқы әскери және дене шынықтыру даярлығы, педагогика және психология, бейнелеу өнері және сызу, педагогика және психология, дефектология, музыка және ән, шет тілі, әлеуметтік педагогика, еңбек, баспа ісі және редакциялау, екі шет тілі (Білім), кәсіптік оқыту және техникалық пәндер, дене шынықтыру, бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру, музыка, тәрбие жұмысының педагогикасы мен әдістемесі, технологиясы.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, жалпы орта білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының жай-күйі мониторингін қамтамасыз ету. Білім берудің жаңартылған мазмұнын жүзеге асыруды бақылау. Қатаң есептегі құжаттардың электрондық нысанын енгізуді бақылау. Қоғамдық қатынастар жүйесін бақылау, қоғамдық пікірді жинау және аналитикалық қорытындылау. БАҚ-пен жұмыс істеу. Нұр-Сұлтан қаласы білім беру жүйесінің дамыту жоспарын, білім беру жүйесінің стратегиялық бағыттарын іске асыруды талдау және бақылау.
«2020-2025 жж. арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» және «Нұр-Сұлтан қаласының 2020-2025 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламалары» орындалуын жетекшілік ететін бағытта бақылау. Дарынды балалармен жұмысты, оқушылардың олимпиадаларын, емтихандарын, ғылыми жобаларын өткізу, кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру және білім беру жүйесін ақпараттандыруды жүзеге асыруды бақылау.
Жетекшілік ететін бағытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылау. «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылау. Жетекшілік ететін бағытта қосымша ақылы білім беру қызметтерін ұйымдастыруды бақылау. Smart-жобаларды насихаттау. Орта білім беру мекемелеріне оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сатып алынуы мен жеткізілуін ұйымдастыру. Білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестіге қатысуын ұйымдастыру. Басқарманың алқалық органдарының жұмысын ұйымдастыру.
Басқарманың алқалық органына материалдарды дайындау, өз құзыретіндегі сұрақтары бойынша жиналыс өткізу. Жоспарды жүзеге асыруды бақылау, ақпарат дайындау, өз құзыретіндегі сұрақтары бойынша жиналыс өткізу, педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесіне құжаттар дайындау. Жетекшілік ететін бағытта «Жобалық офис» бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылау. Білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда басқарманың атынан жүру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша білім беру ұйымдары мен азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдарын қарау.Қыс мезгілінде сабақты тоқтату үдерісін жүзеге асыруды бақылау.
Төмендегі бөлімдердің жұмыстарына бақылау мен басшылық жасауды қамтамасыз ету:
- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімі;
- жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімі;
- Стратегия, талдау, жинақтау, мемлекеттік қызмет көрсету
және цифрлық технологиялар бөлімі;
Білім ұйымдарында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның іске асырылуын бақылау. Мемлекеттік жеке серіктестіктің дамуына жәрдемдесу.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» ММ (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, № 221 кабинет) өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
|
«Б» корпусының мемлекеттік |
|
|
|
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» ММ |
|
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________
______________________
______________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-maіl: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«____» _______________ 20__ ж.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz