714

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санаты

еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-4

263 131

302 255

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451қбп қаулысына сәйкес Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлуге сәйкес осы лауазым А функционалдық блогының 5 деңгейіне жатады.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 433 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-64-32, 8 (7172) 55-72-69, hr-akimat@astana.kz  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бюджеттік инвестициялық жобаларды үйлестіру бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік, ОКБИП-2).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, қаржы және несие, есеп және аудит, экономика, маркетинг, дүниежүзілік экономика, экономика және менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілік басқару, бухгалтерлік есеп және аудит.

Негізгі функционалдық міндеттері: Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау негізінде үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджет параметрлерін әзірлеу. «Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы» ММ және «Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын қарау, дамыту және мемлекеттік және бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындылар дайындау. «Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы» ММ және «Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Нұр-Сұлтан қаласының бюджеттік инвестициялық жобаларының ТЭН-іне заңды тұлғаның экономикалық сараптамаларын қарау және олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындау. Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ және «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау, олар бойынша қорытындылар дайындай отырып, оларға бағалау жүргізу. Орта мерзімді үш жылдық кезеңге «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ және «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ басым бюджеттік инвестициялық жобаларының тізбесін қалыптастыру. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ және «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, концессиялық жобаларын қарау және олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындау. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестицияларды іске асыру мониторингі және тиімділігін бағалау шеңберінде көзделген бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау бойынша жұмысын үйлестіру. Бюджеттік даму бағдарламалары әкімшілерінің жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларының іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізу. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігінің мониторингі және бағалау бойынша жиынтық есепті дайындау. Бюджеттік бағдарламаларды бекіту және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бұйрықтарының жобаларын қарау және келісу. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ және «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары бойынша мәселелерді әдістемелік сүйемелдеу, келісу және үйлестіру. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ және  «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ бюджеттік инвестициялық жобаларын іске асыруға бөлінетін бюджет қаражаты бөлігінде мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларын қарау және келісу. Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасының жобаларын әзірлеуге, мониторингілеуге, сондай-ақ іске асыруға қатысу. Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың бес жылдық кезеңге арналған бағдарламасына, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ және «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, мониторингілеу, енгізу. Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.

Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу. Бөлімнің жетекшілік ететін мәселелері бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға мәліметтер, ақпараттар және есептілік жасау. Басқарма жұмысының регламентін сақтау. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау. «Жобаларды басқару» ақпараттық жүйесі арқылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жобалық қызметін жүргізу және қатысу.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың («Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 433 кабинет, сағ. 08.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін) қабылданады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» ММ (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, № 221 кабинет) өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

 

«Нұр-Сұлтан қаласы

әкімінің аппараты» ММ

 

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

       Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

  Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________(иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ______________________

      ______________________

      ______________________

      Мекен жайы: ______________________

      Байланыс телефоны: ______________________

      e-maіl: ______________________

      ЖСН: ______________________

      _________ ___________________________

     (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

     «____» _______________ 20__ ж.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

 

КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /
Национальность (по желанию)

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

6.

Шетел тілдерін білуі /
Владение иностранными языками

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации

қабылданған /
приема

босатылған /
увольнения

_____________________
Кандидаттың қолы /
Подпись кандидата

_______________
күні / дата

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады.

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109