Тұрғын емес үй-жайларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру
Тұрғын емес үй-жайларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру
Басқармамен бекітілген «Astana» ӘКК» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы меншіктік және коммуналдық мүлікті жалға беру қағидаларына сәйкес, «Astana» ӘКК» АҚ тұрғын емес үй-жайларды жалға алу бойынша өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Ағылшын әдісімен аукцион арқылы берілетін тұрғын емес үй-жайлардың тізімі:
Лот № |
Орналасқан мекенжайы |
Ауданы (ш. м.) |
Үй-жайдың жай-күйі |
Кепілдік жарнаның мөлшері (теңге) |
Лоттың бастапқы құны (теңге) |
Жалға алу құны (теңге/1 ш.м/) |
Жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін берілетін демалыс кезеңі* |
1. |
Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Жеңіс көшесі, 3, т.е. (НП)-8 |
51,5 |
1-ші қабат/таза әрлеу |
103 000 |
103 000 |
2000 |
1 ай |
2 |
Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Сауран көшесі, 5, т.е.(НП)-7 |
42,6 |
1-ші қабат/ таза әрлеу |
140 580 |
140 580 |
3300 |
1 ай |
3 |
Нұр-Сұлтан қаласы, «Байқоныр» ауданы, Иманов көшесі, 4, т.е.(НП)-9 |
56,8 |
1-ші қабат/таза әрлеу |
142 000 |
142 000 |
2500 |
1 ай |
* Кәсіпкерге ұсынылатын демалыс кезеңі жалдау шарты жасалған күннен бастап есептеледі.
Жобаға қатысуға өтінімдер 2021 жылғы 5 мамыр сағат 09:00-ден 2021 жылғы 19 мамыр сағат 18:00-ге дейін сканерленген нұсқада info@astana-spk.kz электрондық мекенжайға қабылданады.
Берілетін тұрғын емес үй-жайлардың нысаналы мақсаты – коммерциялық қызметті жүзеге асыру.
Тұрғын емес үй-жайды жалға беру мерзімі - 5 жыл.
Жалдау шартының жобасы №2 қосымшаға сәйкес нысанда қоса беріледі.
Әлеуетті қатысушы «Astana» ӘКК» АҚ-ға №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша, бірінші басшысымен толтырылған және қол қойылған өтінішті ілеспе хатпен бірге жібереді, оған төмендегі құжаттарды қоса тіркейді:
1) Заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі жөнінде анықтаманың (куәліктің) көшірмесі, жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу туралы құжатының көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, заңды тұлғаның бірінші басшысына арналған бұйрықтың және оның жеке куәлігінің көшірмелері, заңды тұлға Жарғысының көшірмесі;
2) Өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болған жағдайда);
3) Әлеуетті қатысушының жеке ағымдағы шотынан белгіленген кепілдік жарнаны аудару туралы банк белгісі қойылған төлем құжаты;
4) Ағымдағы шоттың болуы туралы банктен анықтама.
Өтінімдер тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен қабылданады.
Кепілдік жарнаны аудару үшін реквизиттер:
БСН: |
101 040 011 375 |
ЖСК: |
KZ796010111000203971 |
Бенефициар Банкі: |
«Astana» ӘКК» АҚ |
БСК: |
БСК HSBKKZKX |
КБК: |
16 |
Банк: |
«Халық Банкі» АҚ |
Хаттама:
- әлеуетті қатысушыларды аукционға қатысуға жіберу туралы;
- конкурстың не аукционның өткізілетін күні, уақыты, орны туралы www.astana-spk.kz интернет-ресурсында өтініштерді қабылдау аяқталған күннен бастап 1-3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланатын болады.
2021 жылғы 14 мамырда сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін жоғарыда көрсетілген үй-жайларды аралау жүзеге асырылады. Аралау Қоғамның шағын автобусымен жүзеге асырылады.
Конкурсты өткізу, өтініштерді қабылдау мәселелері бойынша жүгінуге арналған «Astana» ӘКК» АҚ-ның байланыс ақпараты: тел.: 8 (7172) 61-35-54 мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Ә. Мәмбетов көшесі, 24 үй, 5 қабат, № 502 каб., электрондық мекенжайы: info@astana-spk.kz.
-
Қосымша Docx formatFileSize(File::size(public_path($file->link)))
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz