Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 3 Қаулы
01 ақпан 2022 жыл Нұр-Сұлтан қаласы
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және туындау және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысына сәйкес Қаулы етемін:
- Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы»2022 жылғы 21 қаңтардағы № 21» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-абзацтағы «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысы» деген сөздерді«Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 Қаулысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-абзац мынадай сөздермен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысы»;
3) 4-тармақтың 9-абзацы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын:
«- «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысымен»;
4) 4-тармақ 12-абзацпен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:
«- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысымен»;
5) 3-тармақтағы «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысына» деген сөздерді«Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 4-тармақтың 4.1-тармақшасы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын:
1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
2) спа-орталықтары;
3) моншалар, сауналар, бассейндер;
4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
5) боулинг клубтары;
6) кинотеатрлар;
7) театрлар мен филармониялар;
8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдары;
9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
12) бильярд клубтары;
13) концерт залдары;
14) караоке;
15) көрмелер;
16) океанариум;
17) марафондар;
18) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
19) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
20)балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
21) цирктер;
22) отельдер, қонақ үйлер;
23) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
24) теміржол вокзалдары және автовокзалдар;
25) (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері^
26) (сауда алаңы 6000 ш.м-ден астам азық-түлік, сауда алаңы 1000 ш.м-ден астам азық түлік емес) сауда желілері;
27) балаларды сауықтыру ұйымдары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
28) букмекерлік конторалар;
29) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
30) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін);
31) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
32) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
33) діни объектілер;
34) ойын клубтары (казино);
35) түнгі клубтар;
36) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері.
- Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасына:
2.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;
2.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.
- Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері С. Бейсенова
-
ПГСВ № 3 от 01.02.2022 Docx formatFileSize(File::size(public_path($file->link)))
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz