9238

Нұр-Сұлтан қаласында Шектеу және карантин шаралары туралы № 2 Қаулы

2022 жыл 21 қаңтар                                         Нұр-Сұлтан қаласы

 

Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С. Бейсенова, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Шектеу, карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 42 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 52 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 54 қаулысы, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысы, «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 қаулысы, «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысы негізінде Нұр-Сұлтан қаласының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19)  таралуының алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі қойылатын талаптарды қатаң сақтауы тиіс:

1.1. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар арқылы (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажет;

1.2. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

  1. Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі-COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында мынадай қаулылармен бекітілген объектілердің жұмыс алгоритмдері талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін:

- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы;

- «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы;

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Шектеу, карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 42 қаулысы;

-  «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43 қаулысы;

- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысы;

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 52 қаулысы;

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 54 қаулысы;

- «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысы;

- «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысы;

- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 қаулысы;

- «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысы.

  1. Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысымен, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 «Ashyq» жобасын енгізу туралы» қаулысымен, «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысымен бекітілген әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің критерийлерімен, Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына байланысты объектілердің жұмыс режимін орнату.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілеріне:

4.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq»  жобасын іске асыруды жалғастыруды:

1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2) спа-орталықтары;

3) моншалар, сауналар, бассейндер;

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;

5) боулинг клубтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар;

8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары;

9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;

10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;

12) бильярд клубтары;

13) концерт залдары;

14) ерікті қатысушылар;

15) караоке;

16) көрмелер;

17) океанариум;

18) марафондар;

19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

20) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;

21) әуежайлар;

22) балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық);

23) цирктер;

24) отельдер, қонақ үйлер;

25) халыққа қызмет көрсету орталықтары;

26) темір жол және автовокзалдар;

27) базарлар (жабық), сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, (азық- түлік емес) сауда желілері;

28) сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері;

29) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);

30) букмекерлік конторалар;

31) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;

32) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан бастап балаларда QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып));

33) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

34) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);

35) діни объектілер;

36) ойын клубтары (казино);

37) түнгі клубтар;

38) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына:

5.1. Қала тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізуді жандандыру.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына, Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасына:

6.1. халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін;

6.2. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

6.3. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы» 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                             С. Бейсенова

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109